Дизель мен бензиннің бағасы неге өсті? | Өзекті
Өткен айдан бері елде дизель отынының тапшылығы байқалып отыр. Қазір оның 1 литрі 230 теңгеге жетіп қалды. Ал күні кеше бензин бағасы да шарықтай бастады. Мәселен кейбір жанар-жағармай станцияларында АИ-92 маркасының 1 литрі 178 теңгеден саудаланып жатыр. Отын құнына қандай факторлар әсер етті? Бұл мәселені шешу мүмкін бе? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жайында айтамыз.