Польша мен Беларусь шекарасындағы шиеленіс үдей түсті | Шетелдік БАҚ

- Польша-Беларусь шекарасындағы шиеленіс үдей түсті. Advance басылымының тілшісі Антун Рошаның айтуынша, шекарада кептелген мыңдаған мигранттың жағдайы барған сайын қиындауда.

- Климаттық өзгерістердің салдары. 10 жылдан кейін ауыл шаруашылығы саласы қалай өзгеретіні туралы Frankfurter Rundschau басылымы әңгімелейді. 

- Пальма майындағы пальмитин қышқылы қатерлі ісік ауруының қаупін күшейтетінін Барселонадағы биомедицина зерттеу институтының ғалымдары растады, деп хабарлайды Guardian. 

- Таиланд шетелдік қонақтарға есігін айқара ашқанымен, туристер белсенділігі байқалмай отыр. Бұған себеп шекара асудағы бюрократиялық процедуралар. Zeit басылымы 1 қарашадан бастап 60-тан астам елден келетін толық вакцинацияланған саяхатшыларға карантинсіз-ақ Бангкокқа келуге рұқсат етілгенін еске салады.