Жатыр мойны обырына қарсы күрес | Өзекті
Жыл сайын әлемде 300 мыңнан астам әйел адам жатыр мойны обыры салдарынан көз жұмады. Өкінішке қарай көптеген мемлекетте скринингтен уақытылы өтіп, адам папиллома вирусына қарсы вакцина салғызуға мүмкіндік жоқ. Бұл - ем алуды айтпағанның өзінде. Жатыр мойны обырына қарсы күрес қалай жүргізіледі? Қазақстандың әйелдерді бұл дерттен қорғау үшін қандай шаралар жүргізіліп жатыр? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жайында айтамыз.