Қысқы вирустар қайта бас көтереді | Шетелдік БАҚ
- Немістің Welt басылымы «Альфа» буыны мен оның болашағы туралы жазды.
- Қысқы вирустар қайта бас көтереді. Осылай дабыл қаққан Figaro басылымы адамның иммундық жүйесінің жағдайына материал арнады.
- Глазго университетінің қызметкері Ильена Хирски-Дуглас төрт аяқтылардың тіршілігін жеңілдетуге арналған бейнеконференция бағдарламасын жасапты. Times басылымының жазуынша, бүгінде адамдардың үй жануарларымен сөйлесуіне арналған ондаған бейнеқоңырау қондырғысы бар.
- Жан мен тәнге пайдалы болуы үшін қанша уақыт құшақтасу керек? Ғалымдар мұны анықтау жолында 48 адамды тексеріп, тәжірибе жасады.