Бізге АЭС керек пе? | Өзекті

Елдің біраз өңірінде жарық ауық-ауық сөнетінді шығарды. Мамандар мұны майнерлердің көбейіп кетуімен байланыстырады. Тіпті үкімет осы іспен заңсыз айналысып жатқандарды матауға көшкендей. Рас егемендік алғандағы ең алғаш бас қатырған мәселе де осы еді. Қуат көзін өндіру. Бізде ғана емес, әлем елдерінде де бұл проблема қылаң бере бастады. Білікті деген мамандар тығырықтан шығатын жалғыз жол бар дейді. Ол - атом электр станциясын салу.

Өткен аптада Президент бұл тақырыпқа тағы тоқталды. Сөзінен қайтсек те атом электр станциясын салу керектігін ұққандай болдық. Бірақ бұқараның бұл бастаманы қос қолдап қолдауы қиын болып тұр. Сонда елді алаңдатып отырған не мәселе? Егер Қазақстан атом электр станциясын салудан бас тартса не болады, ал егер келіссе қандай тәуекелге баруымыз мүмкін? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жайында айтамыз.