Америкалықтар жаппай жұмыстан шығып жатыр | Шетелдік БАҚ

- Жер бетінде су басқан аумақтар көбейіп барады. Немістің Zeit басылымы Тынық мұхитының аралдарын аралаған Влади Сохин түсірген фотосуреттерді жариялады. 

- Америкалықтар жаппай жұмыстан шығып жатыр, деп жазады Financial Times. АҚШ еңбек Министрлігінің дерегінше, қыркүйек айының өзінде 4,4 млн-ға тарта азамат қызметінен кеткен.

- Қыз-келіншектермен салыстырғанда ер азаматтардың қоршаған ортаға зияны көбірек. Поляктың Polonia Christiana басылымының тілшісі мәселенің түп-төркіні ас үйде жатқандығын жазды.

- Баланы – жастан. Оңтүстік Кореядағы балабақша балдырғандарын енді роботтар тәрбиелейді, деп жазады Гардиан.