Параспорт: мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жанкешті жаттығулары | Салауат салты

Қазір әлемде паралимпиадалық қозғалыс үлкен мәнге ие болды. Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың 4 жылда бір өтетін өзіндік кешенді сайысы бар. Параспорт тек қана ареналардағы сайыс қана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік маңызы да зор. Мұнда спортшылар денсаулығын нығайтып, әрі қалыпты өмірге бейімделеді. Бүгін «Салауат салты» бағдарламасында параспортқа саяхат жасап, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жанкешті жаттығуына куә боламыз.