Сүт безі обырының алдын алу үшін не істеу керек? | Диагноз
Кеуде обыры әйелдер арасында кең таралған онкологиялық ауру. Тіпті әлем бойынша аты жаман аурулар ішінде сүт безі қатерлігі ісігі бірінші орында тұр. Сала мамандары осылай дейді. Себебі бұл дерт жасырын дендейді. Яғни, кеудедегі ауруды әйел сезбеуі мүмкін. Сүт безіндегі өзгеріс тек маммологтың тексеруінен кейін нақтыланады.