Бейжің-2022: байрақты бәсекеге ұлттық құраманың дайындығы қалай? | Олимп

Қысқы ойындарға аз қалды. Бірер күннен кейін Бейжің төрінде кезекті Олимпиада басталады. Оған 95 елден 4 мыңға жуық қатысушы келеді деп күтіліп отыр. Бірақ  бүгінге дейін бір қатар ел дипломатиялық байкот жариялап, ресми өкілдерін жібермейтінін жеткізді. Соған қарамастан Қытай астанасы бұрын-соңды болмаған керемет спорттық мереке ұйымдастыруға бекініп отыр. Қалай болғанда да байрақты бәсеке алдында біз өз спортшыларымызды түгендеп, қазіргі жағдайларын білдік. Жаттығу барысы жайында ақпарат алдық және дәл қазір сіздермен бөліспекпіз.

«Олимп» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.