Бейжің Олимпиадасы отандық спорттың қазіргі ахуалынан хабар берді | Олимп

Бейжің олимпиадасы да аяқталуы жақын. Біз үшін аяқталды десе де болды. Өйткені еліміздің негізгі деген спортшылары бақтарын сынап үлгерді. Бірақ қоржын бос. Өкінішке қарай, бүгінге дейін бір де бір жерлесіміз жүлдеге ілікпеді. Бұл әрине отандық құрамалар үшін, отандық мамандар үшін, жалпы отандық спорт үшін үлкен сын. Енді Токиодағы сияқты, Бейжіңнен кейін де елде үлкен өзгерістер орнап, қысқы бағыттарға ерекше мән беріледі. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде басталып кетті.

«Олимп» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.