Смарт үйлерге арналған өнімдерді шығаратын Insteon компаниясы жабылып қалды | Баспасөз
- Байден студенттердің қарызын кешіру мәселесіне бас қатырып жатқанда, жастар несиені не істерін білмей отырғанын айтады. Қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмаған жастарға студенттік несиелер ауыр тиіп отыр, дейді Bankrate қаржылық ұйымының бас сарапшысы.
- Әлемнің түкпір-түкпірінен алынған деректерді зерделеген ғалымдар қорғауға алынған аумақтардың жабайы табиғатқа әркез пайдалы болуы екіталай деген пікір айтып отыр.
- Nature басылымы ақуыздардың ішкі құрылымын зерттеп жатқан ғалымдардың жаңа әдісті пайдаланғаны туралы жазды.
- АҚШ-тағы смарт үйлерге арналған өнімдерді шығарып, қызмет көрсететін америкалық Insteon компаниясы тұтынушыларына ешқандай ескерту жасамастан, жабылып қалды, деп жазады ArsTechnica.
«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.