Илон Маск жүргізушісіз жүретін такси құрастыруға уәде берді | Баспасөз
- Адамзат өзін-өзі тамақпен қамтуы екіталай. Өйткені тыңайтқыштың жоқтығынан әлемнің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп тұр, деп жазады Bloomberg агенттігі.
- Грета Тунберг өзін сөз еткенді қаламайды. Бұл туралы Politico газеті жазды.
- Илон Маск жүргізушісіз жүретін такси құрастыруға уәде берді. Techcrunch жазуынша, кәсіпкер өзінің бұл жобасының сұранысқа ие боларына сенімді, тіпті көл-көсір пайда түсіреді деген ойда.
- Албанияның астанасы Тиранада апатқа ұшыраған автобус инсталляцияға айналдырылмақ. Albanian Daily News жазуынша, жол апатына түскен автобус адамға лық толы болған.
«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.