Twitter ақылы болуы мүмкін | Баспасөз
- АҚШ Федералды резерв жүйесінің базалық мөлшерлемені соңғы ширек ғасырда алғаш рет 0,5% көтеруі экономикалық өсімге кері әсер етуі мүмкін, деп жазады журналист Натали Шерман.
- Солтүстік Корея билігі қуаңшылықтан зардап шекккен шаруаларға көмекке кеңсе қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерді жіберді.
- Үндістанда жұмыссыздық күшейді. Мақала авторы Мурали Кришнанның жазуынша, бұл туралы Үндістан экономикасы мониторингілеу орталығы сарапшылары мәлімдеп, баяндама жасапты
- Guardian-ның жазуынша, кейбір пайдаланушылар үшін Twitter ақылы болуы мүмкін.
- Қариялар сергек жүруі үшін жеті сағат ұйқының өзі жеткілікті екен. Ұлыбританиядағы Кембридж университеті мен Қытайдағы Фудань университетінің бір топ зерттеушісі осындай жаңалық ашты.
«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.