Қазақстанда газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 58%-ға дейін жетеді деп күтілуде | Cала

Қазақстанда газдандыру деңгейі жыл соңына дейін 58%-ға дейін жетеді деп күтілуде. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, бүгінде 11 миллионға жуық қазақстандық көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Жыл сайын елді газдандыруға мемлекеттік бюджеттен шамамен 40 млрд теңге бөлінеді. Үкіметтің мәліметінше, магистральдық газ құбырларының негізгі бөлігі Кеңес заманында салынған. Бүгінде оларды қауіпсіз пайдалану үшін үлкен инвестициялар қажет.

 

"Сала" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.