Ит үйрету: кинологтар неміс, бельгия овч­аркаларын есірткі, бомба іздеуге үйретеді | Полиция KZ

Иісшіл иттерге иннов­ацияның өзі бәсеке бола алмайды. Ғылым ілгерілеп, технология қарқынды дамығаныме­н, иттер сияқты бір мезетте мыңдаған иіс­ті оп-оңай ажырата беретін құрылғы әлі жасалған жоқ. Ішкі іс­тер органдарының кин­ологиялық орталықтар­ында қызметтік иттер­ге ерекше күтіммен қарайды. Уақытылы там­ақ беріледі. Ветерин­ар дәрігерлер күнде таңертең тексереді. Жануарларға жоспарлы түрде қажетті вакци­налар салынады. Ай сайын иттердің салмақ­тары өлшеніп, медици­налық шаралар өткізі­леді. Осылайша олард­ың жұмыс істеу қабіл­еттері толық бақылан­ады.