Қазақстандағы ең төменгі айлық жалақы анықтаудың жаңа әдістемесі енгізіледі | Жеке қаражат
Қазақстанда ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін әзірлеуді жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылды. Неліктен кенеттен мұндай қажеттілік пайда болды? Мәселе мынада, Қазақстанда бұрындары бұл көрсеткішке ешкім назар аудармай келді. Салдарынан, біздің елде ең төменгі жалақы мөлшері тиісті деңгейде өспей, экономикадағы нақты жағдайға байланысты оның көлемі айтарлықтай өзгерген жоқ. Сондықтан Президенттің тапсырмасы бойынша елде бұл көрсеткішті анықтаудың жаңа әдістемесі енгізілетін болады. Жалпы, ең төменгі жалақы көрсеткіші елдің бүкіл экономикасын дамыту үшін өте маңызды. Бүгінгі бағдарламада біз сіздерге жаңа әдістің артықшылықтары туралы айтып береміз.