Алматыда суретші Еркін Нұразханның көрмесі ашылды | Мәдениет жаңалықтары
Алматыдағы Мемлекеттік музейде суретші, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Еркін Нұразханның 70 жылдығы мен шығармашылық қызметінің 40 жылдығына арналған «Карикатура тарланы» атты көрме ашылды.
Вернисажда достық, әзіл ретінде бейнеленген танымал тұлғалардың портреттерінің сериясын көруге болады. Бүгінгі таңда Еркін Нұрасханның топтамасында мыңнан астам жұмыс бар, оның 500-ден астамын суретші Мемлекеттік музейге сыйға тартты.