Астанада Вена классикасының екінші концерт өтті | Мәдениет жаңалықтары

Астанада Вена классикасының халықаралық фестивалі аясында екінші концерт өтті. Күләш Байсейітова атындағы камералық залдың сахнасында театрдың симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Дирижерлік пультті фестиваль қонағы, Эстониядан келген маэстро Ханно Мельдеркиви басқарды.