Жақсы жол – ел экономикасын еселейді | Айтылды-орындалды
Жолдар неғұрлым жақсы және олардың желісі кең болса, мемлекет экономикасы да соғұрлым дами түседі. Бұл тұжырымның заңдылығы дамыған және қарқынды дамып келе жатқан елдердің тәжірибесімен расталады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес сервисті жақсартуға, сондай-ақ транзиттік көлік маршруттарының жайлылығы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғасуда.