Гаджетке тәуелділік – өзекті мәселе | Депутаттық сауал

Ұялы телефон бүгінде әр адамның айнымас серігіне айналған. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қолданатын бұл құрал өмірімізді күрт өзгертті. Ең өкініштісі, жасөспірімдер арасында телефонға деген тәуелділіктің артып отырғаны. Елімізде әрбір бесінші баланың үшеуі бар уақытын телефонға арнайды екен. Барша халықты жайлаған бұл дертпен күрес басталғалы қашан. Жастарымыздың осылай телефонның торына түсіп, ғаламторға жіпсіз байлануының себебі неде?