Қазақстанда нан бағасы бір жылда 19 пайызға өскен | Сала

Қазақстанда нан бағасы бір жылда 19 пайызға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ас атасының қамбаттауы Ұлытау облысының тұрғындары үшін қатты сезілді. Бұл өңірде баға 50 пайызға артқан. Бұл үштікке Ақмола және Маңғыстау облыстары да енген. Ал Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласында баға айтарлықтай өсе қоймаған екен.