Тұрғын үйді мейлінше аз төлеммен қалай жалға алуға болады? | Жеке қаражат
Қазақстанда сатып алу құқығынсыз қолжетімді тұрғын үйді жалға алу бағдарламаларының бірінің шарттары өзгерді. Енді отандастарымыздың көбі оған қатыса алады. Бұл біздің елімізде жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу жасының 29-дан 35 жасқа дейін ұлғаюына байланысты мүмкін болып отыр. Ережелерге тиісті өзгерістер енгізілді. Бүгінгі шығарылымда сіздерге мейлінше аз төлеммен пәтерді қалай жалға алуға болатынын айтамыз.