Конструктор көліктерді тіркеу | Айтылды - орындалды

Жыл басында бұрынғы тіркеуден шығарылған және кедендік тазартудан өткен көліктерді тіркеуге рұқсат берілген болатын. Содан бері 107 мың көлік заңдастырылған. Алайда ҚР аумағына кедендік бақылаудан сайман-бөлшек ретінде рәсімделген темір тұлпарлар, яғни ел арасында «конструктор» аталып кеткендері бұл санатқа кірмей қалды.