ҚР азаматтары Конституциялық Сотқа тікелей жүгіне алады | Айтылды - орындалды
Қазақстан Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп бекітілген. Сол себепті Конституциялық қағидаттар бұзылған жағдайда кім болса да өз мүддесін қорғау мақсатында Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы.