Көкшетауда сырқаттанған сарбаздар саны 47-ге жетті

Науқастар шаһардағы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр.

Қазір жауынгерлердің жағдайы тұрақты,-дейді дәрігерлер.

Еске сала кетейік, соңғы аптада қаладағы 5510 әскери бөлімі сарбаздарының жаппай қызуы көтеріліп, басы ауырған. Аауруханаға шұғыл жеткізілген олардың бесеуінен менингококк бактериясы табылды.

Сәкен Қалымжанов, Көкшетау көпсалалы ауруханасының бас дәрігері:

- Ауруханаға жеткізілген сарбаздардың бірі өте ауыр халде болды. Бірден реанимацияға жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты. Барлық науқастардың ауру белгілері бір. Кешегі күннің өзінде 3 науқас түсті. Ал аптаның басында жатқызылған науқастар бірер күнде емделіп шығады.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жағдайдың бақылауда екенін айтты.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Менингокок инфекциясы тіркелді. Балалардың кейбірінде энтеровирустық инфекция анықталды. Бұлар маусымдық инфекция деп саналады. Науқастар бір-біріне жұқтыруы мүмкін. Байланыста болған адамдар түгел қаралды. Сырттан келген адамдарды ол жаққа кіргізбейді.