Құрылыс компаниясына алданып қалмау үшін не істеу керек?

Қазақстанда тұрғын үйдің 90%-дан астамын жеке құрылыс компаниялары салған. Бұл ретте айта кеткен жөн, жаңа баспана иелері құрылысшылар жіберген кемшіліктерге қатысты жиі шағым айтады. Бүгінгі шығарылымда артық шығынға жол бермеу үшін үйге қоныстану кезінде не нәрсеге мән беру керектігін әрі тұрғын үй қолдануға берілгеннен кейін құрылысшылар не істеуге міндетті екенін айтамыз.