Тұмауға қарсы вакциналау басталады

1 қазанда тұмауға қарсы вакциналау басталады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, 2 миллионнан астам екпе дозасы сатып алынды.

Олардың құрамында осы жылғы штамдар бар және бұл вакциналар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына негізделген.

Сонымен қатар, мамандар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда соңғы екі айда тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны 20%-ға өскенін айтты. Науқастардың дені Астана, Алматы және Шымкент сияқты мегаполис тұрғындары.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- 1 қазанда біз вакциналауды бастаймыз. Алдымен медицина қызметкерлері, созылмалы аурулары бар азаматтар, медицицналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдар мен созылмалы аурулары бар балалар егіледі. Орта есеппен 2,5 миллион адам екпе алады. Бұл халықтың 12%.