Қызылша жұқтырғандар азаймай тұр
Қазақстанда қызылша жұқтырғандар көбейді.
Бүгінде 4300 адамнан осы ауру анықталған.
Науқастардың 70%-ы вакцина алмаған балалар. Соның ішінде 60-65%-ы екпеден бас тартқан, ал 20%-ның медициналық қарсы көрсеткіштері бар.
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова хабарлады.
Айта кетейік, қызылшаға қарсы вакциналау екі рет жүргізіледі. Ол баланың 1 және 6 жасында.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Қызылшадан тек вакцина арқылы қорғануға болады. Өйткені, ол өте жұқпалы ауру. Егер қызылшамен ауыратын науқас вакцина алмаған 10 адаммен байланысқа түссе, оның бәрі ауру жұқтырады. Ал біздегі вакцина ДДҰ сертификатталған және ұзақ жылдар бойы пайдаланылып келеді. Бірақ бала қызылшамен ауырғаннан кейін вакцина салдырудың пайдасы жоқ.