«Астана Опера» «Музыканы көру» театрлар фестиваліне қатысты
«Астана Опера» «Музыканы көру» VIII музыкалық театрлар фестивалінде өнер көрсетті.
Музыка сыншылары қойылымға жоғары баға берді. Театр гастролі Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен өтті.
«Астана Опера» гастролдік сапар аясында Мәскеудегі Галина Вишневская орталығында өнер көрсетті. Қазақ майталмандары өнерсүйер қауым үшін Россинидің «Жібек саты» операсын сахналады.
Айзада Капонова, "Астана Опера" жетекші солисті:
- Драмалық спектакльде біз қайғырып, бір образды ұстап отырамыз. Комикалық спектакльде әртүрлі болуың керек, өзіңді жан жақты көрсету керексін. Сол жағынан кішкене қиын шығар. Әртістер комикалық спектакльде ойнау қиын екенін біледі.
Жалпы, опера шеберлікті талап етеді. «Астана Опера» солистері партияларын жоғары деңгейде орындап, кейіпкерлердің образдарын жан-жақты көрсетті.
Михаил Швыдкой, РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі:
- Мәскеулік өнерсүйер қауым үшін Россинидің өте күрделі әрі сирек орындалатын операсы ұсынылды. Онымен танысу біз үшін үлкен бақыт. Сонымен қатар, мен театр әртістерінің кәсібилігіне де тәнті болдым. Бәрі жоғары жоғары деңгейде өтті.
«Астана Опера» бүгінде әлемнің үздік театрларының қатарына кіреді. «Осындай ұжымның Мәскеуге гастрольдік сапармен келуі айтулы оқиға екені сөзсіз», - дейді театр сыншылары.
Авторлары: Дана Нұржан, Шахзод Гамиров