Биыл елде қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында 84,8 млн тонна көмір өндірілген
Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,1 пайызға төмен. Жалпы 9 ай ішінде кеншілер 3,3 млн тонна лигнит пен 2,7 млн тонна көмір концентратын алған екен. Өңірлер арасында алып қарайтын болсақ, көмірдің басым бөлігін Павлодар мен Қарағанды облыстары өндірген. Одан кейін Абай мен Ұлытау өңірлері жайғасқан.