Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы сарайда дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекенің дәл осы жерде болатыны туралы екі апта бұрын ғана белгілі болды. Дзюдоға қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақ көп және бүгінгі бағдарламада сол сұрақтардың жауабын аламыз.