Алматыда каратэден әлем чемпионаты өтті

Алматыдағы SADU Arena спорт кешенінің маңындамыз. Бұл жерде каратэден жылдың басты бәсекесі, әлем чемпионаты өтті. Оған 35 елден 700-ге жуық қатысушы жиналды. Ұзақ үзілістен кейін қайта жанданып тұрған дүниежүзілік дода. Ең соңғысы пандемияға дейін, яғни 2019 жылы ұйымдастырылды.