Хостелдегі жағдай. Арзанның жілігі татымас...
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" туралы заңға сәйкес, қонақүй мен хостелді бөлек ғимаратта немесе жеке есігі болса, кешендер мен көппәтерлі үйлерде ұйымдастыруға болады.
Дәл сол заң арзан қонақүйлер мен хостелдер орналасқан қабаттарда бар, дәмхана, буфет, коворкинг және ойын алаңдарын орналастыруға рұқсат етеді. Бастысы, сәулет және қала құрылысының мемлекеттік нормативтері сақталса болғаны. Оның ішінде қауіпсіздік ережелері де бар.
Ал Қазақстандағы арзан тұрғын-жайларда қауіпсіздік талаптары қаншалықты ескерілген? «Анығында» айдарынан білейік.