1 қаңтардан бастап жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлерге жаңа міндет жүктеледі
1 қаңтардан бастап әрекетсіз, яғни жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлердің жалпыға бірдей декларациялау бойынша жаңа салық есептілігін ұсыну міндеттемесі пайда болады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ол нендей жаңашылдық, жеке кәсіпкерлер қандай әрекеттер жасауы керек және неліктен – «Жеке қаражат» бағдарламасының бүгінгі санында айтамыз.