18.12.2023. Бүгінгі Баспасөзде

Бүгінгі бағдарламада: 

Қазақстан мен Ресей «Дружба» құбыр жүйесі арқылы Германияға мұнай тасымалдау туралы келісімге келді; 

- Илон Масктың Tesla компаниясы АҚШ реттеушісі автоматты басқару жүйесінде ықтимал қауіпті ақауларды анықтағаннан кейін екі миллионнан астам электр көлігін кері қайтарып жатыр; 

- Қытайдың кейбір провинциялары мемлекеттік қызметкерлерге импортталған электронды жабдықтарды пайдалануға тыйым салды; 

- Түркия шығындардың өсуіне байланысты демалыс орындарындағы All Inclusive жүйесін өзгертпек; 

- 2019 жылы өрттен қатты зардап шеккен Париждегі Нотр-Дам соборында ең мықты өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылады.