Биыл такси құны 11,3% өсті
Соңғы жылдары елде такси бағасы біршама өскен. Есесіне бұл қызметті пайдаланушылар қатары азаймады. Қолайсыз ауа райы, қысылтаяң уақыт қана емес, жайлы қозғалыс та көлігі жоқ көпшілікті осыған мәжбүр етті. Сұраныс артқанымен, бағаның түсер түрі жоқ.