Классикалық музыка кеші
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Ертіс концерт филармониясының симфониялық оркестрі Астана жұртына классикалық музыка кешін тарту етті.
Кеш шымылдығы Александр Галсановтың дирижерлық етуімен «Қыз қуу» шығармасымен ашылды. Көрермен шығыс өнерпаздардың орындауында шетелдік және отандық композиторлардың туындыларын жаңа нұсқада тыңдап, кеш бойы ерекше әсерде отырды.
Жиырма жылдық тарихы бар үлкен оркестрдің құрамында мәдениет саласының үздіктері мен қайраткерлері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті.
Гүлмира Аділханқызы, Астана қаласының тұрғыны:
- Біз отбасымызбен келіп отырмыз осы кешті тамашалауға. Біздің мына прям зал деген лық толғаны себебімен біз орнымыздан тұрып түрегеп тұрып тамашалуға мұқтаж болдық. Бірақ соның өзінде концерт жоғары деңгейде өтуде. Шығысқазақстан облысына рақметімізді айтамыз!