Абайлаңыз, импорт! Тез дайындалатын кеспе сіз үшін қаншалықты қауіпті?

jisty.com.ua

Сақталу мерзімі ұзақ кеспені жарты ғасыр бұрын жапондар ойлап тапқан.

2011 жылы бұл тағам наннан кейінгі ең көп желінетін азықтың қатарына енді. Ең арзан әрі тез әзірленетін кеспені қазақстандықтар да көп тұтынады. Ендеше жүрек жалғауға жарайтын бұл тағамды толығырақ зерттеп көрейік. Оның құрамындағы қоспалар қандай? Сапасы сын көтереді ме? Адам ағзасына қаншалықты зиян? Осы және өзге де сауалдарға бүгін біз бағдарлама барысында жауап іздеп көрмекпіз.