Абайлаңыз, импорт! Құбыжық қуыршақ балаңызды қаншалықты жұбатады?

www.flickr.com

Бүгінде қарапайым ойыншық дүкеніне кірудің өзі қорқынышты.

Табыттағы өлім, вампирлер, құбыжық қуыршақтар сұранысы ең жоғарғы тауарлар тізімінде. Ресми сандарға сенсек әрбір үшінші қызбала ата-анасынан барби емес құбыжық қуыршақ талап етеді екен. Дүкен сөрелерінде олардың коллекциясын табуға болады. Әрбірінің өз есімі, мамандығы, тарихы бар. Осы және өзге де көздің жауын алатын ойыншықтар балаңызға қаншалықты қауіпті? Бүгін біз осы сұраққа жауап іздеп көреміз.