Құлсарыда бейбіт наразылыққа шыққандар тарқады
Құлсары қаласында наразылыққа шыққандар тарқады, деп хабарлайды 24KZ.
Олар 1 апта бойы шаһардағы су басқан үйлерінің шаршы метріне 400 мың теңгеден өтемақы талап етіп, бейбіт жиналыс өткізіп келген. Қазіргі таңда жергілікті билік азаматтардың Үкімет ұсынған өтемақыға келіскенін мәлімдеді. Бүгінде апаттан зардап шеккен тұрғындарды залалды бағалау нәтижелерімен таныстыратын мобильді топтар жұмыс істеп тұр. №20 қалалық мектеп базасы мен 109 байланыс нөмірі бойынша үздіксіз консультативтік қолдау көрсетіліп жатыр.