Агроөнеркәсіпті қаржыландыру рекордтық деңгейге жетті
Елдің агроөнеркәсіп саласын қаржыландыру көлемі биыл рекордтық деңгейге жетті.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Биыл саланы несиелеу көлемі 580 миллиард теңгені құрады, бұған дейін ол 180 милллиард теңге болатын. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш бір жарым триллион теңгеге дейін жеткізіледі.
ЦИТАТА
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру ақсап тұрған саланың бірі еді. Биыл мемлекет бұл мәселені шешіп, бөлінетін қаржы көлемін айтарлықтай арттырды. Біз пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау арқылы несиелеудің күрделі әрі көлеңкелі жүйесінен бас тарттық. Диқандар енді көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарына 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие алады. Мұндай несиелеу көлемі алғаш рет жарты триллион теңгеден асты. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш бір жарым триллион теңгеге дейін жеткізіледі.