Кабинет. Такир Балықбаев

Еліміз ҮИИД бағдарламасының екінші бесжылдығына аяқ басты. Өткен бесжылдықты нәтижелі болды деуге болады.

770-тен астам жаңа кәсіпорын ашылып, 75 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды. Бұл жерде бір өзекті мәселені айта кетуіміз керек. Ол – мамандар даярлау. Білікті, өз ісін жетік білетін маманға сол кез де сұраныс болған, қазір де бар. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына қажетті кадрларды дайындайтын 10 жоғарғы оқу орны іріктелді. Оқу қашан басталады? Қандай мамандарға зәруміз?  Осы және өзге де сауалдар төңірегінде «Кабинет» бағдарламасының жүргізушісі Дархан Әбдуахит Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевпен сұхбаттасады.