2024 жыл қандай жақсылығымен есте қалды? Сауалнама
Сауалнама:
- 2024 жыл бізге құт-береке әкелді. Немерелі болып жатырмыз. 10 немерем бар құдай берген. Не айтам, келген жаңа жыл бұдан да керемет болсын. Жақсылығымен. Жамандықтың бәрі артта қалсын дейміз.
- 2024 жылы мен жаңа белестерге жеттім. Өзімнің жұмысым бойынша жаңа жобалар алып, жаңа бизнесті дамытып жатырмыз. Одан бөлек, отбасымызбен машина алдық. Баламыз 1-ге толды осы жылы. Сондай-сондай көптеген қызықтар болып жатыр.
- Біздің отбасы үшін өте ерекше жыл болды. Отбасымызға кішкентай нәресте, немереміз келді дүниеге. Осы жыл көпжылдық дертіме шипа болып, емі табылып, өте бір жақсы есте қалды 2024 жыл сонысымен.