Кабинет. Әуезхан Даринов
Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу үшін 19 жыл бойы үздіксіз келіссөздер өткізді.
Табандылық танытты. Биыл діттеген мақсатына жетті. Ендігі кезек Парламентте. Депутаттар қазан айының 31-іне дейін ДСҰ-ға қосылу жөніндегі хаттаманы ратификациялауы тиіс. Ұйымға мүше болу Қазақстанның ауылшаруашылығы саласына қалай әсер етпек? Бұл тақырып төңірегінде Фермерлер одағының президенті Әуезхан Дариновпен сұхбаттасамыз.