Кабинет. Ләззат Сүлеймен
«Мерейлі отбасы» байқауына деген жұрттың ықыласы ерекше.
Биылғы қатысушылардың саны былтырғымен салыстырғанда шамамен 2 есеге көп. Бұл – бір. Екіншіден, ұлттық байқауда бағын сынап көремін дегендердің жартысынан астамы ауыл тұрғындары. Жалпы биылғы отбасылық байқаудың ерекшелігі қандай? Бұл тақырып төңірегінде «Кабинет» бағдарламасының жүргізушісі Дархан Әбдуахит ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлейменмен сұхбаттасады.