Кабинет. Руслан Шәріпов

Биыл Қазақстанда 190 мың тонна құс еті өндірілмек.

Бұл ең әуелі мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. Биылдың өзінде субсидия көлемі 8 млрд теңгені еңсерген. Рас, соңғы кезде еліміздің құс етін өндірушілер бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келді. Теңге еркін айналымға жіберілген соң жағдай түзеле бастағанға ұқсайды. Бүгінгі «Кабинет» бағдарламасының қонағы – Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.