Жолды кім бүлдіреді?
Жамбыл облысында жолдың тозу себептері Қазақстанда жыл сайын мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделеді. Бірақ кейбір жолдар неге мерзімінен бұрын тозады? Бұл шығарылымда Жамбыл облысындағы KAZ06 халықаралық көлік дәлізіне аяқтай барып, жол жабындысының бұзылуына не себеп екенін, артық жүк тиеген көліктер қалай анықталатынын және жолдарды сақтау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын көрсетеміз.
Jol Live – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жоба. Әр шығарылымда жол құрылысы мен оны күтіп ұстау, инженерлік шешімдер және сала мамандарының еңбегі көрініс табады.