Сал ауруына шалдыққан балаларға зәбір көрсеткендер жазасын енді түрмеде өтейді | Кезекші бөлім

Қылмыс хроникасы мен төтенше жағдайлар хабары. Осы бағдарламадан көретіндеріңіз:

- Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балаларға зәбір көрсеткендер жазасын енді түрмеде өтейді. Бүлдіршіндерді көк ала қойдай сабаған мекеме қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты;

- Жетісу облысында жүгенсіз жүргізуші ер адамды көлікпен қағып кетті. Сөйтіп көмек көрсетпестен қашып кеткен;

- Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды. Тәртіп бұзғандар жазасыз қалмайды;

- Кеш құрым қыз-келіншектерді тонауға шығатын әккі ұры ұсталды. Әйелдерді ұрып соққан бұзақы небәрі 20 жаста.

 

«Кезекші бөлім» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.