Емге ақша сұрайтын алаяқтардан сақ болыңыз | Кезекші бөлім
Қылмыс хроникасы мен төтенше жағдайлар хабары. Осы бағдарламадан көретіндеріңіз:
- Ұрлық түбі қорлық! Түркістанда 23 миллион теңгенің малын сатып жіберген шопан ұсталды;
- Мәңгілік алауды қорлауға жол жоқ! Алматы облысында маскүнемдердің әрекеті жұрттың шамына тиді;
- Жұртқа жақсылық жасаймын деп, күйініп қалмаңыз. Емге ақша сұрайтын алаяқтардан сақ болыңыз;
- Ойыннан от шығады. Достары қалжыңдап, көлік нөмірін теріс таққан жүргізуші айыппұл арқалады.
«Кезекші бөлім» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.