С.Лич Қазақстандағы конституциялық реформаға қатысты өз ой-пікірімен бөлісті

Британдық Bell Pottinger компаниясының басқарушы директоры Стюарт Лич Қазақстандағы конституциялық реформаға қатысты өз ой-пікірімен бөлісті.

Оның айтуынша, бұл өзгерістің өзектілігі өте ерекше. «Ол жүзеге асуы арқасында елдегі демократиялық қоғам келесі даму кезеңіне көшеді», - дейді шетелдік сарапшы. Лич қазіргі конституция заман талабына сай болуы тиіс және демократиялық реформалардың әрі қарай дамуына оң ықпал етуі керектігін айтады.

Стюарт Лич, Bell Pottinger компаниясының басқарушы директоры:

- Әлбетте, кез келген реформа өз жемісін береді. Әйтсе де, қазірдің өзінде Қазақстанның демократиялық тұрғыда оң өзгерістерге қадам бастайтыны даусыз. Президент билік тармақтарын бөлгісі келіп отыр. Ол осылайша демократиялық құндылықтарға сүйенген тұрақты мемлекет құрылымын құрғысы келеді. Иә, бұл Қазақстанның болашағын гүлдендіретін және қоғамды демократияландыратын дұрыс шешім.